Түркменстанда мектеп мұғалімдері жаз айларында да көше сыпырып, қоғамдық орындардың тазалығы үшін еңбек етеді. Бұл туралы Жас Алаш azathabar.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Азаттық радиосының Ашхабадтағы шолушысы Аманмұрат БУГАЕВТЫҢ айтуынша, 45 күндік еңбек демалысынан оралған мұғалімдер күніне 10-11 сағат мектеп маңындағы көшелерді сыпырып, бақтардың күтімімен айналысады.

«Мектептердің маңында бақтар бар. Ұстаздарды мәжбүрлеп шөптерді отатып және көшелерді тазалатады. Күннің ыстығына қарамай еңбек етеді. Жұмыс кезінде сәл дем алмақ түгілі түзге шығуғада рұқсат берілмейді», — дейді Аманмұрат Бугаев.

Шілде айының ортасында басталған көше тазалау науқаны оқу жылының басына дейін жалғасады екен. Ел астанасындағы әр мектеп өздеріне берілген көшелердің тазалығына жауап береді. Және бақтардың да күтімі мойындарында. Қызығы ай сайын мұғалімдерден бағбаншылардың айлығын төлеу үшін 10 манаттан жиналады. Билік өкілдері Ашхабадтың тазалығына үлкен мән береді. Коммуналды қызмет мекемесіне шаһар көшелерін қолмен жудырады. Оларға көмекке мемлекеттік қызметкерлер жұмылдырылады.

Ауылдағы мектеп мұғалімдері болса ауылшаруашылық жұмыстарына шегіледі. Өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстары үшін оларға айлық төленбейді. Сондай-ақ, мұғалімдер саяси науқандарға, мемлекеттік мерекелік шараларға ат салысуға міндетті.

Фото: azathabar.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.