Ресейдің федералдық «Россия-24» телеарнасы Орталық Африка республикасында қаза тапқан ресейлік үш журналистің сүйектері Парижге жеткізілгені туралы хабарлады. Тамыздың 5-іне қараған түні оларды Мәскеуге жеткізбекші.

Телеарна «Шарль де Голль» әуежайы мен Ресейдің Орталық Африка республикасындағы елшілігіне сілтеме жасаған. Бұл хабарды басқадай ақпарат көздерінен анықтау әзірше мүмкін болмай отыр.

Ресейлік журналистер Орхан Джемаль, Кирилл Радченко мен Александр Расторгуев шілденің соңында Орталық Африка Республикасында белгісіз адамдардың қолынан қаза тапқан. Олар ОАР-ға ресейлік «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы жайлы деректі фильм түсіруге барған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.