Істі болған әкім қызметіне кірісті

939

Істі болған Өскемен қаласының әкімі Қуат ТҰМАБАЕВ өз қызметіне қайта кірісті. Риддердегі 19 жастағы жас азаматтың өліміне қатысты тергеу кезінде ол ақысыз еңбек демалысына шығып, шаһар басшылығын уақытша  орынбасары Ольга БУЛАВКИНА атқарған еді.

2018 жылдың 15 сәуірінде Риддерде қала әкімінің орынбасары Бауыржан ҚҰРМАНБАЕВ ішімдік ішіп алып, BMW X5  автокөлігімен Евгений Смольниковты қағып өлтірген еді. Оның қасында болған тағы бір әкім Қуат Тұмабаев өлімге себепкер болған көлікті мініп кетіп қалған. Қымбат автоның сақтандыру полисінде Өскемен басшысының аты-жөні болмағандықтан, оған 10 АЕК ретінде айыппұл салынған. Алайда, бұл істе тек куәгер ретінде қатысқан әкім шешіммен келіспей сотқа шағым түсірген. Шененунік талабы қанағаттандырылды.

Қос шенеунік жайлы ақпарат қоғамдық резонанс тудырғанда облыс басшысы Даниал АХМЕТОВ бұл істі тікелей бақылауына алған еді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы тәртіптік кеңесте Қуат Тұмабаевтың ісі қаралған. Жиынға қатысқандар  оның атқарып отырған лауазымды қызметіне лайықсыз һәм мемлекеттік қызметкерлердің абыройына нұқсан келтірді деп сөккен.

«Тергеудегі жауабында Тұмабаев Құрманбаевтың арақ ішкенін жоққа шығарады. Олар сол күні бойы бірге болған. Сараптама қортындысында Құрманбаевтың ішімдік ішкені жазылған», — деген еді әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қайрат САПАРҒАЛИЕВ. 

Ал Риддер қалалық сотының судьясы Татьяна ДРЕМЛЮХ 2018 жылдың 28 маусымында экс-шенеунікке қатысты үкім шығарды. Бауыржан Құрманбаев бір жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл автокөлік жүргізуіне тыйым салынған. Прокурор судьядан бес жылға соттауды сұраған еді.

Айтпақшы, flashpress.kz тәуелсіз басылмы сол кезде Қуат Тұмабаевтың Б. Құрманбаев кісі қаққанда қасында болғаны тек он күнен кейін жария етілді деп жазды. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Әсем ҚАЙРАТБЕК Тұмабаев бұл жол апатына кенеттен кәугер болды деп те мәлімдеген-ді.

Бір қызығы, Бауыржан Құрманбаевтың астындағы BMW X5  көлігінің құны 21 млн мен 41 млн теңге аралығында тұрады. Бір кезде ztb.kz облыс әкімдерінің айлығын жариялаған еді. Басылым ақпаратына сенсек, 637 мың теңгемен ең аз жалақы алатын облыс әкімі ретінде Қостанай облысының басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ аты аталған. Демек, немістің қымбат көлігін ала алған Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарының еңбекақсы облыс басшыларынан да көп болған ғой. Қызық… Даниал АХМЕТОВТІҢ айлығы қанша екен?

Фото: express-k.kz/

 

 

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.