Қырғыз Республикасы  президенті қысқа мерзімді еңбек демалысын аяқтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жазғы еңбек демалысын Ыстықкөлде өткізген Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ өзінің Facebook-тегі парақшасында суреттер жариялады.

Қырғыз президенті демалысын Ыстықкөлде өткізді

Президент 30 шілде күні еңбек демалысына шыққан еді. Былтыр қазан айында өткен Қырғызстан президентін сайлау кезінде Социал-Демократиялық партия атынан қатысқан Сооронбай Жээнбековке 11 үміткер ішінен 54.75 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен болатын.

Қырғыз президенті демалысын Ыстықкөлде өткізді

Содан бері өз елінде қарапайым, халықшыл президент аталып үлгерген Қырғызстан Республикасының бесінші президенті алғашқы жазғы еңбек демалысын Ыстықкөл жағалауында өткізді. Осыдан біраз уақыт бұрын Қырғыз президентінің Ош қаласына жасаған сапарында президенттің арнайы ұшақпен емес, қарапайым жолаушылар ұшағымен ұшып бара жатқаны жайлы видео тараған. Кейін бұл ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Жээнбековтың Ош облысына жеке басының жұмыстарымен бара жатқанын, сондықтан жолаушылар ұшағымен ұшқанын растаған болатын. Сондай-ақ, Қырғыз басшысы футболдан Ресейде өткен әлем біріншілігіне де эконом-класпен жолға шыққан еді.

Сооронбай Жээнбеков президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейінгі баспа сөз мәслихатында өз әулетіндегі адамдардың қарапайым мамандықтардың иесі екенін айта келіп, тіпті, бұдан бұрын екі мәрте парламент депутаты болып сайланған інісі Асылбек Жээнбековтің де саяси салада президенттің атын жамылып, жеке бас түйткілдерін шешуге тырыспайтындығы жайлы уәде берген.

Қырғыз президенті демалысын Ыстықкөлде өткізді

Тағы бір сөзінде бұрынғы президенттердің саяси сахнадан қалай кеткендігін де тілге тиек етіп, ешқашан олар жүрген жолмен жүрмеуге, алдағы алты жылда халық алдында ұятқа қалмайтындығын айтып, журналистерден «Қырғызыстан елінде кез келген алыс-жақын туысқаным саяси салаға араласа бастаса, сіздердің де ашық пікір білдірулеріңізді өтінемін. Мен бәрінен дер кезінде сіздер арқылы хабардар болып тұруым керек. Менің отбасымда жалғыз ғана партия бар. Ол — халық» деген болатын.

Айта кетейік, Қырғызстан президентің отбасы жайлы нақты деректер жоқтың қасы. Тек өз сөзіне сүйенсек6 әйелі жұмыссыз, үш қарындасының бірі мұғалім, екіншісі медицина саласының қарапайым қызметкері, ал үшінші қарындасы Ирандағы Қырғызстан дипломатының жары. Өзге аға-бауырлары қарапайым ауыл тұрғындары. Былайғы жұрт інісі Асылбек Жээнбековтың, ағасы билік басына келуден бұрын, екі рет парламент депутаты болып сайланғанынан ғана хабардар.

Фотолар kaktus.media сайтынан алынды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.