Ыстықкөлде демалуға барған Қазақстан азаматы қайтыс болды деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ).

Министрлік мәліметіне қарағанда, Шымкент тұрғыны 1979 жылы туған ер адам Ыстықкөл жағалауындағы Бостери ауылында көз жұмған. Марқұмға жүргізілген сот-медициналық сараптама қорытындысында оның жүрек талмасынан қайтыс болғаны анықталған. Қазақстандықтың денесін туыстары алып кетпек.

Шымкент тұрғыны Ыстықкөлге демалуға отбасымен 2 тамыз күні барған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.