Білім гранттарын тағайындайтын республикалық комиссия мемлекеттік білім гранттарының тізімін жариялады. Биыл бірінші курс студенттеріне 50 мың 944, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне 2 мың 650 грант берілген.  

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл білім гранттарын тағайындау конкурсына 75 мыңға жуық талапкер қатысқан. Олардың 60 мыңы — қазақ, 14 мыңы орыс, 293-і ағылшын тілінде білім алуға өтініш білдірген. Білім гранты иегерлерінің тізімі 6 тамыз күні қазақстандық ресми басылымдарда жарияланды.

Министрлік ақпараты бойынша, гранттың негізгі бөлігі — 24 мың 737-сі техникалық және технологиялық мамандықтарға, 9 мың 499 грант педагогикалық мамандықтарға, 2 мың 785 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық мамандықтарға бөлінген. Медициналық мамандықтарға 2 мың 700 грант, гуманитарлық мамандықтарға 1 мың 450 грант, жаратылыстану ғылымдары мамандықтарына 3 мың 246 грант бөлінген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.