Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласындағы «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына» қатысты бейнежазба пайда болды. Халық арасында кең таралған видеода мекеме ауласында «анашаға» ұқсас өсімдіктің жайқалып тұрғанын байқауға болады. Бұл жазба қоғамдық пікір қалыптастырып, қарапайым тұрғындардың ашу-ызасын тудырды.

"Конопля — өсетін жерін таңдамайды" демекші, Қызылорда қаласының мамандандырылған қызметкерлердің халыққа қызмет көрсету орталығы алдында ұялмай-қызармай өскен конопля барша Қызылордалықтарды шулатты! Фейсбук желісінде де бұл видеоға қатысты өз пікірін білдіріп үлгерген аға-әпкелерімізде табылды. Әзім Оразов есімді фейсбук қолданушысы "Мынаны әдейі еккен, бастығынан бастап сөгіске салу қажет, әбден мемлекеттік қызметкерлер ұяттан жұрдай болған!" десе, ал тағы бір инстаграм қолданушысы Жасұлан Арыстанбеков "мәә үйге әкетіп қалмады ма жұлып, видеоға түсіргенше" деп өкінішін білдіруде. Алайда, бұл арам шөп өздігінен өсті деп халықтың көбісі пайымдап отыр. Бәлкім солай… @zello.kyzylorda

A post shared by ZELLO KYZYLORDA | ZELLOKZO (@zello.kyzylorda) on

«Мекеменің алдында «конопляның» өсіп тұрғаны сұмдық екен . Бұл жерге адамдар жиі келеді ғой. Сол себепті зиянды өсімдіктің қалай өсіп шыққанын анықтау керек, Егер расымен есірткі шөбі болатын болса, жауапты мамандар жазаға тартылуы тиіс», — дейді қала тұрғыны Сабира ЕГІЗБАЙҚЫЗЫ.

Қызылордада «ЦОН» қызметкерлері «конопля» іздеп жүр

Видеоны тамашалағандардың пікірі екіге бөлінді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл «наша» емес десе, енді бірі бұл өсімдіктің шет аймақтарда өздігінен өсе беретінін айтқан. Мәселенің анық – қанығын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА түсіндіріп берді.

«Видео басшылық тарапынан зерделенді. Әр апта сайын біз мекеме ауласында сенбілік ұйымдастырып тұрамыз. Тазалау жұмыстары кезінде бұл шөп табылған жоқ. Сол себепті оның «анаша» екендігін біз растай алмаймыз. Жоққа да шығару мүмкін болмай тұр. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізген жоқ», — деді Ақнұр Жағыпарова.

Қызылордада «ЦОН» қызметкерлері «конопля» іздеп жүр

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.