Қызылордада «ЦОН» қызметкерлері «конопля» іздеп жүр

1172

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласындағы «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына» қатысты бейнежазба пайда болды. Халық арасында кең таралған видеода мекеме ауласында «анашаға» ұқсас өсімдіктің жайқалып тұрғанын байқауға болады. Бұл жазба қоғамдық пікір қалыптастырып, қарапайым тұрғындардың ашу-ызасын тудырды.

«Мекеменің алдында «конопляның» өсіп тұрғаны сұмдық екен . Бұл жерге адамдар жиі келеді ғой. Сол себепті зиянды өсімдіктің қалай өсіп шыққанын анықтау керек, Егер расымен есірткі шөбі болатын болса, жауапты мамандар жазаға тартылуы тиіс», — дейді қала тұрғыны Сабира ЕГІЗБАЙҚЫЗЫ.

Видеоны тамашалағандардың пікірі екіге бөлінді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл «наша» емес десе, енді бірі бұл өсімдіктің шет аймақтарда өздігінен өсе беретінін айтқан. Мәселенің анық – қанығын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА түсіндіріп берді.

«Видео басшылық тарапынан зерделенді. Әр апта сайын біз мекеме ауласында сенбілік ұйымдастырып тұрамыз. Тазалау жұмыстары кезінде бұл шөп табылған жоқ. Сол себепті оның «анаша» екендігін біз растай алмаймыз. Жоққа да шығару мүмкін болмай тұр. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізген жоқ», — деді Ақнұр Жағыпарова.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.