Қоғамдық даму министрлігі Қазақстанда мектептерге жақын орналасқан діни ғимараттардың бұзылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін жергілікті БАҚ-та “мектептен 300 метрге дейінгі қашықта орналасқан мешіттердің бұзылуы мүмкін екені” туралы ақпарат шыққан еді. Қоғамдық даму министрлігі тамыздың 7-сі күні Азаттыққа бұл мәселеге қатысты қоғамда “түсініспеушілік туындағанын” хабарлады. 

Азаттыққа берген ресми жауабында министрлік жұмыс істеп тұрған діни ғимараттарды сүру туралы талаптардың заңда көрсетілмегенін айтып, олардың бұзылмайтынын меңзеген. 

Әйткенмен, министрліктің жазуынша, “300 метрден кем болмауы тиіс” деген шарт былтыр 9 маусымда бекітілген арнайы нұсқаулыққа сәйкес, діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды сататын дүкендер, әуежай, теміржол вокзалы сияқты қоғамдық орындарда орналасқан құлшылық жасау бөлмелеріне қатысты қолданылады.

“Ал мешіттер немесе басқа діни бірлестіктерге тиесілі діни ғимараттарға жоғарыдағы талаптар қойылмайды. Бұл жағдай басқа нормалармен реттеледі” делінген министрлік жауабында.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.