Ресей президенті Владимир Путин биыл 16 шілдеде Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу кезінде қарулануға бақылау орнатуға қатысты бірқатар ұсыныс жасаған. Олардың ішінде ядролық қаруды шектеу және ғарышқа қару орналастыруға тыйым салу туралы ұсыныстар да бар. Бұл туралы Politico порталы Ресейдің «Қарулануға бақылау орнату мәселелері жөніндегі диалог» деп аталатын құжатына сүйеніп хабарлады. Ұсыныстар аталған құжатта айтылған делінеді.

Портал дерегінше, Путин Стратегиялық шабуылға қарулануды шектеу (СНВ-III) туралы келісім мерзімін бес жылға созуды ұсынған. Келісім мерзімі 2021 жылы аяқталады. Құжатта Ресейдің орта және қысқа қашықтықтарға арналған зымырандар өндірісін тежеу туралы мәлімделген. Сонымен бірге, онда «Жер орбитасына қару орналастыруға» тыйым салу туралы жаңа келісім жасау жайы қамтылған.

Хельсинкидегі келіссөзден соң АҚШ Конгресі Дональд Трампты Путинмен болған әңгіме туралы есеп беруге шақырды. Бұл кездесуге аудармашылар ғана қатысқан.

Саммиттен соң Трамп Путинмен біқатар мәселелерді, соның ішінде Солтүстік Корея, Сирия дағдарыстары, терроризм және кибершабуылмен күрес жайы талқыланғанын айтқан. Бірақ нақты не айтылғаны жария болмаған.

Ал Ресейдің ресми тұлғалары Путин Украинадағы жанжал туралы нақты ұсыныстар жасағанын мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.