Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен елдің Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновқа Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді. 

Шайхутдинов 2009 жылы Қауіпсіздік қеңесі хатшысының орынбасары, 2015 жылдан бері бірінші орынбасары болып келген. 

Ал Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев 7 тамызда елдің Қорғаныс министрі болып тағайындалған. 

Заң бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие. 5 шілдеде Назарбаев қол қойған заңға сай кеңес консультативті-кеңесші органнан конституциялық органға айналаған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқармақ

Заң Қауіпсіздік кеңесіне елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету ғана емес, «ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, халықаралық аренада елдің конституциялық құрылымы мен ұлттық мүдделерін қорғау» жауапкершілігін де жүктейді.

Құжатқа сай, Қауіпсіздік кеңесінің құрамын президент кеңес төрағасының келісімімен жасақтайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.