Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты «Жаңа Қайрат» шағын ауданының халқы барлық республикалық ақпарат құралдары өкілдерін өздеріне шақырды. Тұрғындар ІІД-нің жұмысына көңілдері толмайды. Денис ТЕННІҢ қазасына кейін министр Қалмағамбет ҚАСЫМОВ пен Серік КҮДЕБАЕВТЫҢ отставкасы талап етілген еді. Содан бері полицияға шағымданушылардың қатары көбейіп жатыр.

Генерал Күдебаев полициясының үстінен тағы да шағым түсті

Ықшам аудан халқының айтуынша, соңғы бір жылда аптасына бір үй тоналады. Алайда, ешбір қылмыс ашылмайды. Ұрылар тал түсте де, камераға да қарамай үй тонайды екен. Қолға түскендерін бәрін алып кетеді.

«Менің үйім 2014 жылы тоналды. Ұрылар түс уақытында келгенде ақшаны, алтынды алып кеткен. Карточканы да алған. Пинкодтардың қағазында қолды еткен еді. Түсінбеймін, қай банкоматтан алғанын анықтауға болатын шығар. Төрт жылдан бері қылмыстық істің ашылмауы деген сұмдық қой », — дейді тұрғын Румилиям ИСМАИЛОВА.

Аудан жұрты полиция бөлімшесіне өз үйлеріне баратындай болып алған. Жедел әрекет етпейді деп шағымданады.

Генерал Күдебаев полициясының үстінен тағы да шағым түсті

«Біздің үйімізге 2018 жылдың ақпан айында ұры түсті. 15 минутқа шығып кеткенбіз. Келсек тонап кеткен. Демек, аңдыйтын арнайы ұйымдасқан қылмыстық топ бар деген сөз. Арыз қалдыру үшін полицияға екі рет бардық. Камераның таспасын ұсындық. Ол жерде үйде кім бар деп тексеріп жүрген күдіктілер бар еді. Қысқасы, қылмыс ашылмады», — дейді тағы бір жаңақайраттық тұрғын Алма ҚҰРМАНБАЕВА.

Түрксіб ауданының тұрғындары WhatsApp-та арнайы топ құрып, үйлерін бірлесе күзететін де болған. Әйтседе, баукеспелерді тоқтата алмаған. Беттерін жауап алып үй тонайтындар камераға қарап қол бұлғап, мазақтап тайып тұрады екен.

Полиция өкілдері болса «Жаңа Қайратта» бір жылда бар-жоғы бес-ақ үйге ұры түскенін айтады.

Генерал Күдебаев полициясының үстінен тағы да шағым түсті

«Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы «Жаңа Қайрат» елдімекені тұрғындарының шағымы бізге белгілі. Соңғы бір жылда бес пәтер ұрлау қылмысы тіркеліп, бұл қылмыстарды ашуға бағытталған арнайы қызметкерлер жұмылдырылып, криминалдық басқармаға қарасты да полицейлер кіріскен. Үлкен мегаполис үшін, ұрлық деректері өте өзекті мәселе. Көші-қон мәселесін ескеруге болады. Былтырғы жылы 51 қылмыстық топ әшкереленсе, олардың көбісі Алматыға басқа өңірден келген келімсектер. Көбісі бұрын сотталған азаматтар», — дейді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Алматыда полиция бөлімі  400-ден енді асып отыр. Облыстан 23 елді мекен қосылып, қызметкерлеріміздің саны жетпейді дейді ІІД-нің өкілі. Бір полиция бөлімшесі 2300 адамы бар учаскіде жұмыс атқару керек. Ал Алматыда бір учаскеде 5000- ға жуық адам тұрады екен. Соңғы 6 айда мегаполисте 200-ге жуық қылмыс тіркеліпті. Оның 65-і ұрлық-қарлық бойынша. 165 күдікті ұсталған. Алайда, «Жаңа Қайратты» меншіктеп алған ұрылар ұсталар емес.

Генерал Күдебаев полициясының үстінен тағы да шағым түсті

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.