АҚШ сенаты WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжға Ресейдің 2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауына ықтимал килігуі туралы іске куәлік беруді ұсынды. Сенаттың Ассанжға жолдаған хаты WikiLeaks-тің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Хатта Ассанждың жасырын, өзіне ыңғайлы жерде және қолайлы уақытта жауап бере алатыны айтылады. WikiLeaks адвокаттары ұсынысқа ойланып жатқанын хабарлады.

2016 жылы WikiLeaks сайты АҚШ Демократиялық партиясының құжаттарын жариялаған. АҚШ арнайы қызметінің мәліметінше, ол құжаттарды ресейлік хакерлер ұрлаған. Мәскеу бұған қатысы барын жоққа шығарады.

Джулиан Ассанж 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отыр. Ол бұл жерден шығатын болса, британ билігі өзін Швеция үкіметінің сұратуы бойынша ұстап, одан кейін АҚШ-қа тапсыруы мүмкін деп қауіптенеді. АҚШ-та Ассанжға құпия ақпаратты таратқан деген айып тағылған. Ассанж өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп, жоққа шығарады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.