АҚШ-тың Ресейге жаңа санкция салу туралы хабарламасына байланысты 10 тамыз күні рублі бағамы одан ары арзандады. Бүгін Мәскеу қор биржасы ашылғаннан кейінгі алғашқы минуттары доллар бағамы 67 рубльден асып, кейін сәл түсті. Ресей Орталық банкі 11 тамыздағы рубль бағамын 66 рубль 90 тиын, еуро бағамын 76 рубль 67 тиын деп белгіледі.

Бұған қоса биржада «Сбербанк», ВТБ және «Аэрофлот» акциялары да арзандады.

АҚШ 8 тамызда Ресейге Ұлыбританияда ресейлік бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальді улауға қатысы бар деп айыптап, санкция салатынын жариялаған. Бұдан соң рубльдің долларға шаққандағы бағамы бірден 3,1 пайызға құлдырап, бір доллар 65 рубль 55 тиын болған.

Жаңа санкция 22 тамызда күшіне енеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.