Бішкек полициясы ресейлік азаматқа әлдекімдер бомба жарып, шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 10 тамызда қала орталығының тұрғындары жарылыс болғанын хабарлаған. 

Төтенше оқиға болған жерді полиция қоршауға алған. Жергілікті бірнеше БАҚ полицияға сілтеме жасап, қастандық жасаушылардың ресейлік кәсіпкер Александр Гайдуковты нысана етіп, қорқытпақ болғанын жазды.

Ғимаратқа орнатылған бақылау камерасындағы видеодан үш ер адам көліктен түсіп, баспалдақпен жоғары шығып бара жатқанда қабырға түбінде әлдененің жарылғаны көрінеді.

Бішкек билігі ресми мәлімдеме жариялаған жоқ.

Дәрігерлер Гайдуковты ауруханада бірнеше сағат ұстап, аяғы мен қолына түскен жеңіл жарақатты емдегендерін айтты. 

2016 жылы дәл осы ауданда Гайдуковқа екі рет оқ атылған. Ол кезде қастандық жасаушы табылмаған еді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.