АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) Күн жүйесіне Parker ғылыми зондын ұшырғанын хабарлады. Ол ғарышқа Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен Delta IV Heavy деп аталатын зымыран тасығыш кемемен жөнелтілді.

Delta IV Heavy – Falcon 9 Heavy зымыран тасығышынан кейінгі ең қуатты кеме болып есептеледі. Ғылыми аспап шағын автомобиль көлеміндей болады, салмағы — 650 келі. Ол Күн жүйесіне сағатына 700 мың шақырым жылдамдықпен ұшпақ. Бұл тарихтағы ең жылдам ғарыштық аспап болып саналады.

10 жылдай уақыт әзірленген миссияны ғарышқа 11 тамызда ұшыру жоспарланған. Бірақ зондтан болмашы техникалық кемшілік анықталып, бір тәулікке кейінге шегерген. Paarker зонды белгіленген жерге 2024 жылы жетуі керек. Ол Күнге 6 миллион шақырымға дейін жақындайды. Осыған дейін бір де бір ғарыш аппараты Күн жүйесіне жақын жеткен емес.

Зонд биыл желтоқсан айынан бастап Күннің жарық таратуын және Күн желін зерттейді. Аппарат Цельсий бағаны бойынша 1000 градус температурада жұмыс істейді. Ол жеті жылда Күнді жеті рет айналып шықпақ.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.