Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Азаттыққа Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияның жергілікті ресми сайттарға неге жарияланбағанына қатысты пікір білдірді. 

— [Қазақстандық] бірде-бір сайтта жоқ. Қазақстан заңдарына сай күшіне енбеген құжаттарды жариялай алмаймыз. Келісім Қазақстан парламенті ратификациялағаннан кейін, келісімге қол қойған барлық елдер ратификациялаған соң күшіне енеді. Бұл Қазақстанның «Халықаралық шарттар» заңында көрсетілген. Келісім Қазақстан парламенті ратификациялаған соң жарияланады, — деді министрлік өкілі.

Ал 13 тамызда Ресей президентінің ресми сайты Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияны жариялады. 

12 тамызда Ақтауда бес ел басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойған. Құжат теңізде әскер орналастыруға тыйым салып, оны экономикалық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.

 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.