Джакартада (Индонезия) өтетін жазғы Азия ойындарында футбол, гандбол, баскетбол спортынан жарыстар басталып кетті. 14 тамызда гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Үндістан құрамасымен кездесіп, 36:19 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан гандбол құрамасы алдағы күндері Қытай, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея командаларымен кездеседі. 

Биылғы жазғы Азия ойындары Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді.  Жарыстың ресми ашылу салтанаты 18 тамызда болады. Азия ойындарына Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Жарыс 3 қыркүйекте аяқталады. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.