«Қазақстан» полигонында «белгісіз зат жарылып», 10 әскери қызметкер жараланды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің 15 тамыз күні хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні нысана көздеу алаңын дайындау кезінде болған.

Зардап шеккен тоғыз әскери қызметкерге полигон басында жедел дәрігерлік көмек көрсетілген.

«Қазір сарбаздардың денсаулығы бір қалыпты, оларға тиісті медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр» делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тергеу басталған. Оқиғаның мән-жайы толық айтылмайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.