Қызылордалық әлеуметтік жағдайы төмен және жетім балалар жаңа жылдық сыйлықтарын ақыры алды. Алайда, уәде етілген ноутбуктарының орнына нетбук алды. Олардың сыйлығына облыстық бюджеттен 14 миллион теңге бөлінген еді.

Президенттік шыршаға өңірдің 200 бала қатысқан еді. Салтанатты шарада көңіл көтеріп, ғажайыпқа сенген бүлдіршіндерге уәде етілген сыйлықтар берілмей қалды. Әуел баста, балаларға ноутбук құрылғысының сертификаты табысталса, іс жүзінде оларға кішігірім нэтбуктар берілді. Оның өзіне араға 8 ай уақыт өткеннен кейін ғана қолдары жетті.

«Інім Президент шыршасына қатысты. Тұрмысы төмен отбасы болғандықтан тізімге енгенде, бәріміз қатты қуанған едік. Киім тіктіріп, шырша болатын күнді асыға күттік. Ноутбук аласыздар деп сендірді. Қолымызға сертификатты да ұстатты. Бірақ уәде етілген сыйлықты көп күттік. Бала қайта-қайта сұраған соң, мектеп директорына да бардық. Аудандық білім бөлімінің басшылары да бұл мәселеге жауапты емес екендерін айтты. Әрең дегенде, жақында алдық. Бірақ ноутбук емес, кішкентай нэтбук алдық. Оған да қанағат енді. Бірақ балаларды бұлайша алдағандары ұят болды», — дейді ашынған ата -аналардың бірі Сәуле ӘШІМОВА.

Негізі, шененуніктердің сыйлық жасауда ниеттері түзу болған екен. Жоғарыда атқандай облыс қазынасынан едәуір ақша бөлген. Ең қызығы сауда орталықтарында самсап тұрған компютерді алу үшін тендер жариялаған. Тендірден ұтқан мердігер мекеме өз міндетін тиісті атқармаған болып шығыпты.

«Қазіргі таңда бұл мәселе облыстық сотта қаралып жатыр. Заң аясында мердігер мекемеден ақшаны өңдіреміз. Мемлекеттің ақшасы мемлекетке қайтарылатын болады. Балаларға нэтбуктарды таратуға демеушілер көмектесті. Кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асты», — дейді Қызылорда облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Құралай САҚТАҒАНОВА.

Осылайша, қызылордалық шенеуніктер мемлекеттен бөлінген қаражатқа қарамастан кәсіпкерлерге қол жаюға мәжбүр болыпты. Биылғы Президенттік шыршада бұл жағдайдың қайталанбауы үшін барлық жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.