Ресей президенті Владимир Путин 15 тамыз күні Сочиде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-ағарту және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралған.

Reuters агенттігі Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөздеріне сілтеме жасап, екі ел басшылары негізінен энергетика мәселелерін талқылағанын хабарлады.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Песков «Ресей түркімен газын сатып алуды қайта жаңғыртуы мүмкін бе?» деген журналистер сұрағына, «Мұндай мүмкіндік бар» деп жауап берген.

«Түркіменстан президентімен келіссөз барысында барлық саладағы екіжақты қарым-қатынас, оның ішінде энергетикалық мәселелер де талқыланады» деген Песков.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Түркіменстан президентінің Ресейге сапары, келіссөзі жайында әзірге хабар таратпады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.