Ресей президенті Владимир Путин Австрия сыртқы істер министрінің үйлену тойына барады. Бұл жөнінде австриялық БАҚ хабарлап, кейін бұл ақпаратты Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.

Ол Путин Берлинге сапары барысында, үйлену тойына жолай баратынын айтты. Путин 18 тамызда Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеспек.

Австрия Сыртқы істер министрі Карин Кнайсль қаржыгер әрі кәсіпкер Вольфганг Майлингерге тұрмысқа шығып жатыр. Кнайсльдің өзі оңшыл Еркіндік партиясынан министр болды. Бұл партия ресейшіл ұстанымды қолдайды, тіпті «Единая Россия» партиясымен ынтымақтастық жөнінде келісім жасасқан.

2018 жылдың басында австриялық Kurier газетіне сұқбат берген Карин Кнайсль Ресейге Украинадағы саясатына байланысты салынған санкциялар «тиімді болмағанын» мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.