Украинада прокурорлар Януковичті 15 жылға соттауды сұрады

22


Украина Бас әскери прокуратурасы экс-президент, мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталған Виктор Януковичті сырттай 15 жылға соттауды сұрады.

Украина ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, прокурорлар сөйлеген кезде Януковичтің адвокаттары олардың сөзін бөліп, судьяларға білдірген қарсылығын қарауды талап етті.

Киевте өтіп жатқан сот енді 13 қыркүйекте жалғасады.

Прокурорлар Януковичті мемлекетке сатқындық жасады, басқыншылық соғыс жүргізуге болысты, Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғуға септесті деп айыптап отыр.

Виктор Янукович Украинадан 2014 жылы ақпанда Киевтегі халықтың үкіметке қарсы толқуында полиция шерушілерге оқ атқан соң кетіп қалған. Ол қазір Ресейде жасырынып жүр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.