Түркістан облысының әкімі

17 тамыз күні Түркістан облысының әкімдігі жаңа орталық Түркістан қаласына көшті. Таңертең Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта Түркістанға көшкен мемлекеттік қызметкерлерді шығарып салу рәсімі өтті. 

Әбдірахымов Түймебаевты шығарып салмады  -Әрбір мемлекеттің, әрбір облыстың, әрбір қаланың тарихында жауапты кезеңдер болады. Биыл 19 маусымда Елбасы Жарлығымен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып құрылып, оның орталығы деп Түркістан қаласы бекітілді. Бұл тарихи шешімге 2 ай жетер-жетпес уақыттың өзінде біз тынбай жұмыс істеп, Елбасы Жарлығын орындауға бар күшімізді салдық. Түркістан қаласында облыс әкімдігіне қарасты 24 басқарма мен облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес пен департамент қызметкерлері отыратын кеңселер даярланды. Бүгін біз үлкен көшті бастайын деп отырмыз. Кезінде Елбасы Астанаға көшер кезде «Алматыға сыймай емес, Алматыны қимай кетіп барамыз» деген екен. Біз де Шымкентке сыймай емес, оны қимай кетіп барамыз. Түркістан — бар қазақтың рухани астанасы. Сондықтан оны дамытуға, өркендетуге күш салуымыз қажет. Шежірелі қаланың туристік әлеуеті көтеріліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Міне, енді Түркістан облысы мен Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды , — деді  шара барысында сөз сөйлеген Түркістан облысының әкімі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ.

Әбдірахымов Түймебаевты шығарып салмады

Түркістан облыстық әкімді баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған көштің құрамында облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, облыстық мәслихат хатшысы мен аппараты, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы және аппараты, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және қызметкерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері, құзырлы орган басшылары, әкім аппараты қызметкерлері, 28 аумақтық департаменттің басшылары мен қызметкерлері, 24 облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері сынды, жалпы саны, 1 мыңға жуық адам бар. 11 автобусқа жайғасқан көш құрамын Түркістан шаһарының әкімдігі күтіп алды.

Әбдірахымов Түймебаевты шығарып салмады

Түркістанға бет түзеген көшті шығарып салуға қара шаңырақта қалған Шымкент қаласы әкімдігінің біраз шенеуніктері де келді. Олардың арасынан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат  НҰРТАЙ, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан БЕКНАЗАРОВ байқалды. Ал Шымкенттың әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ төбе көрсеткен жоқ. Осындай тарихи шараға арнайы келіп қатысып, жүрек жарды лебізін білдіруге Ғабидолла Әбдірахымов уақыт таппады ма? Әлде басқа да себептер бар ма?  Түсініксіздеу…

Фотолар: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен және Фейсбуктен алынған.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.