Семсерлесуден қазақстандық Дмитрий Алексанин Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. 

Қылыштасу жарысының топтық кезеңде 1/16 финалда таиландық Коракоте Жиенгамуаичайды, 1/8 финалда қырғызстандық Роман Петровты, ширек финалда вьетнамдық Ден Нгуеинді жеңді. Жартылай финалда Алексанин Азия чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері оңтүстік кореялық Чон Джин Сонды жеңді. Ал финалда тағы бір оңтүстік кореялық Пак Сан Йонгпен (Рио олимпиадасының чемпионы) кездесіп, жеңіске жетті. 

Бұл — Қазақстанның Джакартадағы Азия ойындарында алған алғашқы медалі. 

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Қазақстандық телеарналар жазғы Азиададан тікелей трансляция таратпайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.