Балуан Қайсанов Азиада күмісін алды

24


Еркін күрестен қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін иеленді. 74 килограмда белдескен ол финалда өзбекстандық Бекзод Абдрохмоновты жеңілді. 

Қайсанов ширек финалда вьетнамдық Кан Таи Дудан, жартылай финалда оңтүстік кореялық Гонг Вунг Муннан басым түсті. 

65 килограмда белдескен Саятбек Оқасов Азия ойындарының қоласын иеленді. Ол алғашқы белдесулерінде оңтүстік кореялық Ли Сун Чолды, Қытай қазағы Ерланбике Қатайды жеңген. Ал жартылай финалда жапониялық Даичи Такатаниден жеңілді. Қолаға таласта түркіменстандық Батыр Боржаковтан басым болды. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.