Ақсу қаласының әкімі Николай ДЫЧКО коммунисттердің ескерткіштеріне неге әуес болды екен?! Павлодар облысына қарасты қаланың орталық саябағы қызыл террор көсемдерінің ордасына айналған. Карл МАРКС, Владимир ЛЕНИН, Михаил КАЛИНИННІҢ тас мүсіндері ашық аспан астындағы музейдің экспонаттарына айналған. Жергілікті шенеуніктер  ескерткіштерді алып тастауға қауһарсыз.

Ақсудың әкімі коммунисттердің ескерткішін не үшін жинап жүр

Шаһар тұрғындарының айтуынша, бүгінде орталық саябақта коммунистер көсемінің ескерткіштері қаптап кеткен. Анықталғандай, жергілікті шенеуніктер осы аудандағы елді-мекендерде болған Лениннің барлық мүсіндерін шаһардағы паркке жинап қойыпты. Бүгінде күн-көсемнің үлкенлі-кішілі ескерткішінің саны оннан асып жығылады. Бұл коммунизмді аңсап жүрген тұрғындарға ұнап жатса, кейбірі оны санамыздан мүлде өшіру керек деп санайды.

Ақсудың әкімі коммунисттердің ескерткішін не үшін жинап жүр

«Осы қалаға көшіп келгеніме тура бес жыл болды. Көше атауларын жатқа білем. Айтпағым, төртінші ықшам  ауданында көпке белгілі қалалық саябақ бар. Дəл саябақ қақ ортасында Карл Маркс, Ленин тағы басқа ескерткіш əлі күнге дейін мен мұндалап тұр. Қала халқы көп  шоғырланатын  көрікті мекенге, қазақтың көрнекті тұлғаларының  ескерткіштер орнатып тағзым еткен дұрыс. Бірақ, бұл қадамға қала басшылығы бара алмай отыр»,— дейді Ақсу қаласының тұрғыны Ермұрат ҚОРАБАЕВ.

Ақсудың әкімі коммунисттердің ескерткішін не үшін жинап жүр

Тіпті, көрші Ресейде, Украинада Лениннің есімі ұмтылып, оның орнына қазіргі заман қаһармандарының ескерткіштері орнатылып жатқан көрінеді. Ал тәуелсіздігімізді 27 жыл бұрын алған біздің елде оның көшелері де, ескерткіштері де әлі күнге дейін бар.Оның орнына өңірімізде дүниеге келіп, қаншама еңбек еткен  тау тұлғаларымыздың мүсіндерін неге орнатпасқа? Сол күнге жеттік емес пе? – дейді тағы бір Ақсу қаласының тұрғыны Сәния БАЙСОВА.

Ал ақсулық шенеуніктер жылдар бойы жинап-терген Лениннің мүсіндерін бір күнде алып тастай алмаймыз дейді. Тіпті, саябақта коммунистер көсемінің мүсіндері орналасқан аумаққа «ашық аспан астындағы мұражай» деген атау беріп қойыпты.

Бұған қоса, Лениннің туған күніне оның ескерткішінің басына гүл шоқтарын әкеп, тас тұғырды сипап кететіндер бар екен. Осылай деген атқамінерлер мүсіндерді дәл бүгін алыптастамасақ та, алдағы уақытта ақырындап жоямыз деп сендіруде.

 Ақсудың әкімі коммунисттердің ескерткішін не үшін жинап жүр

-Ақсу ауданындағы елді-мекендерде болған барлық ескершкіштер шаһарға жеткізілген. Бүлінбеген мүсіндер орталық саябақтан орын тапқан. Қазір ол жер ашық аспан астындағы мұражай ретінде танымал. Ескеркіштер алдағы уақытта бір-бірден алынып тасталуы мүмкін, -дейді Ақсу қаласы мәдениет бөлімінің бас маманы Әсия ҒАДІЛОВА.

Ақсудың әкімі коммунисттердің ескерткішін не үшін жинап жүр

Айта кетерлігі, металлургтер қаласында Лениннің есімімен аталған көше де бар. Ал облыс орталығындағы ондай көше биыл елорда күніне  орай «Астана» атына ие болды. Ал Павлодарға қарасты Ленин кентіне Қазанғап бидің есімін беру мәселесі бірнеше жылдан бері көтерілгенімен, әлі шешімін таппаған. Тіпті, Ленин кентінің атауын өзгертуге екі жыл бұрын  тұрғындардың көбі қарсы шыққан болатын. Ол кезде жұртты тіпті тарихшылар да бетінен қайтара алмаған. Ал жергілікті биліктегілер басым дауыс жинағандардың ығына жығылып, кент атын өзгертуді тағы бірнеше жылға кейінге қалдырған еді.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.