Қырғызстанда сотталған саясаткерлер Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров, 16 тамыздан бергі аштық акциясын әрі қарай жалғастырып жатыр. 

Адвокат Данияр Мамановтың хабарлауынша, саясаткерлер екі жарым айдан бері Жоғарғы соттың үкімін ала алмай отырғандықтарына наразы. Олар тамақтан бас тартып, тек су ішіп жатыр. Аштық акциясын тоқтату туралы адвокаттың өтінішіне келіспеген.

Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталып, 2016 жылы наурыз айында ұсталған. Сот екі жылдан аса уақыт жүріп, биыл 7 маусымда Қырғызстанның Жоғарғы соты ақырғы  шешім шығарды. Ол бойынша Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров сегіз жылға, ал олармен бірге ұсталған Эрнест Карыбеков он төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, Қырғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Дастан Сарыгуловқа төрт жылға шартты түрде жаза тағайындалды.  

Саясаткерлер тағылған айыптармен келіспейді және билік өздерін саяси себеппен қудалап отыр деп біледі.

Асанов пен Кадыров бұған дейін де аштық акциясын ұйымдастырған. Биылғы жылдың ақпан айында олар, сол кездегі Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Абдил Сегізбаевтың қызметінен алынуын және өздеріне қатысты сот үкімінің жойылуын талап еткен. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.