Түркия астанасы Анкарада белгісіз адамдар АҚШ елшілігіне оқ атқан. Оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған. Полиция мен елшілік өкілдерінің хабарлауынша, ешкім жараланбаған.

Шабуыл жасаушылар елшілікке көліктен оқ атып, қашып үлгерген. Бірнеше оқ күзетшілер отыратын жердің терезесіне тиген.  

Елшілік осы аптада мұсылмандардың Құрбан айт мерекесіне орай жұмыс істемейді. 

Оқиға Вашингтон мен Анкара арасындағы қарым-қатынастың нашарлаған кезімен сәйкес келді. АҚШ Түркиядан америкалық пастор Эндрю Брансонды босатуды талап еткен. Түркия пасторды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті деп айыптайды және прокуратура оны 35 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

15 тамызда Түркия соты Брансонды үйқамаққа шығаруға келіспеді.

Тамыз айының басында АҚШ Түркияның ішкі істер министрі мен әділет министріне қарсы санкциялар енгізіп, АҚШ-қа кіруіне тыйым салған. Анкара америкалық тауарлардың баж салығын өсірген.

10 тамызда Вашингтон Түркиядан импортталатын болат пен алюминийге баж салығын көбейтті. Бұл шара Түркия валютасының құнсыздануына себеп болды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.