Қазақстанда бүгін таңертең қалалар мен ауылдық жерлердегі мешіттерде айт намазы оқылды. Әлемде мұсылмандар Құрбан айт мейрамын үш күн бойы тойлайды.

Жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталатын Құрбан айтта құрбан шалу – мұсылманға парыз саналады.

Айт мейрамы кезінде мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақын-туыстарының үйін аралайды. Осы күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.