Петропавлда 22 тамыз күні бір апта бұрын Черногорияда қаза тапқан солтүстікқазақстандық Таңат Смағұловты жерледі. Марқұмның денесі бүгін Петропавл қаласына жеткізілген.

Таңат Смағұлов 16 тамыз күні Черногорияның Ульцин қаласында суға батып кеткен. Туыстарының айтуынша, Черногорияға демалуға барған Таңат Смағұлов екі келіншек пен бір баланы құтқарып қалған, төртінші адамды құтқармақ болған кезде өзі суға батып кеткен. Сол күні қатты толқын тұрып, кесірінен 14 адам суға кеткен.

Таңат Смағұловтың денесі өзі туып-өскен Амангелді ауылына жерленді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға туған-туыстары, дос-жарандары мен ауылдастары жиналды.

Соңғы жылдары Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеген Таңат Смағұлов  41 жасында бақилық болды. Марқұмның артында 5 жастағы қызы мен жұбайы қалды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.