21-тамыз күні кешкі уақытта шаһардағы Гагарин-Уәлиханов көшелерінің қиылысында өрт шыққан.Куәгерлердің сөзіне сенсек, жалын салынып жатқан үйден тұтанған екен. Бұдан соң көрші тұрған екінші үйге көшіп, оларды лезде күлге айналдырған. Осылайша 160 шаршы метр аумақтың сау тамтығы қалмапты.

Өрт туралы хабар сағат 17:58-те түскен. Өрт сөндірушілер онда 18:01-де жеткен. Апат орнында ТЖД алты бірдей техникасы мен 21 маман жұмыс істеді. Осылайша жалын сағат 18:49-да ауыздықталып, 19:55-те толығымен жойылды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр,-дейді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мамандары.  

Павлодарда шенеуніктердің әке-шешесіне тиесілі үйлер өртенді

Ал бейресми ақпараттарға сүйенсек, отқа оранған бұл үйлер бүгінде облыстық әкімдікте қызметте жүрген атқамінердің әке-шешесіне тиесілі көрінеді. Әйтеуір құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Осы маңда тұратын тұрғындар болса, өрт сөндірушілер біраз ертерек келгенде үйлердің бірін сақтап қалу мүмкін болар еді дейді. Бірақ, үйдің нақты қай шенеунікке тиесілі екені жөнінде тіс жармады.

Фотолар: facebook.com

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.