Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 22 тамыз күні Қазақстан спортшысы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үшінші нәтиже көрсетті. Алтын мен күмісті Қытай және Жапония спортшылары алды.

Ол 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында осы қашықтықта алтын алған. Ал 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған.

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында 1 алтын, 5 күміс, 12 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. 22 тамызда таэквондодан Нұрлан Мырзабаев қола иеленді. 

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.