Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды. Спортшы 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған. 

Бұл — Қазақстанның Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы екінші алтыны. 

23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова қола медаль иеленген. 

Қазірше Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қола иеленді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.