Жаңа оқу маусымына 7 күн қалды. Қарағанды облысы, Бұхар Жырау ауданына қарасты, Тұзды ауылдық округінің мектебінің терезелері қаңырап, қабырғаларынан су сорғалап тұр. Өткен ғасырда салынған мектептің жөндеу жұмысын аяқтауға мердігерлер мен тапсырыс берген аудандық білім бөлімі асығар емес.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

Ата- аналар 15 шақырым жерде орналасқан Петровка ауылына балаларын жіберуге үзілді кесілді қарсы. Наталья ПОПЕНКОВА екі немересін  оқытпаймын деп отыр.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

«Мынау деген ұят шаруа ғой. Аудандық білім бөлімі қайда қараған. Тамыз айынан бастап тек жөндеуге кірісті. Сонда біздің балалардың біліміне немқұрайлылық танытқандарды ма? Қыс түскенде де бітпейді бұл жөндеу. Жолдың түрі анау, ойқыш-ойқыш. Боран соқса, баламыздың қауіпсіздігіне кім жауапты.Оны ойлап тұрған ешкім жоқ»,- дейді әжей.

160 баланың ата – анасы жиналып наразылық білдірген мектепте, дәретхана деген мүлде болмаған. 1975 жылдан бері жөндеу дегенді атымен көрмеген ғимаратты жөндеуге асыққан білім бөлімі, биыл бөлінген ақша игерілмесе, келесі жылы ол берілмейтіндіктен, құжаттарды рәсімдеуді кеш бастаған. Бастысы қаражатты игерсек дегенді көздегендер оқушыларды жақын маңдағы ауылға барып оқытамыз деп отыр.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

«Мәселені барынша шешуге тырысамыз. Қазір 15 шақырым жердегі Пертовка ауылына тасмалдап оқытуды көздеп отырымыз. Онда 300 оқушы оқиды. Ал, Тұзды аулының 160 оқушысын күндізгі аусымға қоямыз. 4 автобус тасыйды. Аудандық бюджеттен де қаражат қарастырамыз. Құжаттардың рәсімделу процессі мен сәулет құрылыс бақылауынан өту жұмысы негізі бір ай көлемінде болу керек еді. Бірақ бірқатар келеңсіздіктер болып ол 3 айға созылып кетті. Сондықтан, барынша мәселені шешуге тырысамыз»,-  деп түсіндірді  Бұхар Жырау аудандық білім бөлімінің жетекшісі Әсет АХМЕТОВ.

Кеше ғана Бұхар Жырау бабамыздың 350 жылдығын тойлап, бас жүлдеге пәтер мен қымбат көліктерді тіккен аудан бір мектептің мәселесін шеше алмағандарына аса уайым қылмайтын тәрізді.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

Бала қамына тек ата-аналар ғана алаңдап отыр. Айтуларынша, басқа ауылға бару үшін, бірінші сыныптың балалары 1- 1,5 сағат ерте оянулары керек.

«Бала ұйқысы қанбай, асығыс-үсігіс барады, олардың оқу деңгейінің төмендеп кететініне ешкім пысқырып отырған жоқ. Жауапты адамдардың салғырттығы үшін, оқушылар неге зардап шегу керек. Мен баламды жібермеймін оқуға» — дейді Олеся ТКАНОВА.

Білім ордасын жөндеуге жоспар бойынша 107 млн. теңге бөлінген. Келісім жасасқын «Ақсай» ЖШС мердігері 70 млн. 168 мың теңгеге толық жөндеу жасаймыз деп қол қойған. Алайда, 23 шілде де ғана келісім шартқа қол қойылып,  арнайы комиссиянық тексерісін күткен. Ол  8 тамызда ғана қол қойған. Бүгінде бір бригадан, яғни 7 адам ғана жұмыс жасап жатыр.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

«Келісім шарт кеш жасасты. Комиссия да рұқсаттаманы кеш берді. Онымен қоса, комиссияның берген рұқсаттамасында біздің атымыз көрсетілмеген. Мен оған да қарамастан қазір адамдар апарып жасатып жатырмын. Төрт айда жасалынатын жұмысты бір айда жасап беріңдер дейді. Мен қалай бітіремін. Алдымен құжаттарды реттеп алу керек.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

Ертең жұмысшыларым жалақысыз қалмайтынына кепілдік жасауым керек. Бірінші күн жасап жатқан жоқпын. Ақтоғай ауданында мектепті жөндедік. Осы күнге дейін 18 млн. ақшамды ала алмай жүрмін. Сондықтан, алдымен құжат реттелуі тиіс. Кейін соттардың табалдырығын тоздырғым келемейді», — дейді мердігер Сержан НҰРМАҒАНБЕТОВ.

Қазір мектептің жөндеу жұмысы қашан және қай уақытта бітетінін ешкім дөп басып айта алмады.

Той тойлаған аудан мектебі оқу жылына дайын емес

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.