Алматы. 17 қараша. 7kun.kz — 2017 жылғы 16 қарашада өткен пленарлық отырыс соңында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев шет ел валютасына жоғары алып-сатарлық қажеттілік байқалды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық Банкі.

Қазақстанның ішкі валюта нарығы құбылмалылығының жоғары болуына байланысты Ұлттық Банктің айырбастау бағамы бойынша іргелі үрдістерінің қалыптасуына кедергі келтірмей, валюта бағамының күрт тұрақсыздандыратын өзгерістерінің алдын алу мақсатында валюта нарығында өктемдіктер жүргізуге құқығы бар.

«2016 жылы Ұлттық Банк шетел валютасының нарықтағы шектен тыс ұсынысын жеңілдете отырып, оны сатып алушы ретінде көрінді. 2017 жылғы қазанда жеткілікті ұсыныстың болмауына байланысты шетел валютасына жоғары алып-сатарлық қажеттілік байқалды. Валюта нарығындағы ахуалды тұрақсыздандыруға жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк шетел валютасының сатушысы болды», — деп хабарлады Д. Ақышев.

Ол биржалық валюталық сауда-саттық негізінде ұлттық валютаның ресми бағамын белгілеудің ағымдағы тәжірибесі нарықтық болып табылатынын және валюта нарығындағы нақты сұраныс пен ұсынысты көрсететінін атап өтті.

Запись Данияр Ақышев: Шетел валютасына жоғары алып-сатарлық қажеттілік байқалды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.