Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Дархан Нортаев джи-джитсудан ерлер арасында 62 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Омар Ал-Фадхлиді (БАӘ) жеңді. 

Қазақстан спортшысы финалға дейін Бахрейн, Филиппин, Қырғызстан, БАӘ спортшыларыннан басым түскен. 

Нортаев джи-джитсуден 2016 жылғы әлем чемпионы атанған. 2017 жылғы әлем біріншілігінде қола алған. Биыл Ақтауда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен. 

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.