Мәскеу билігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастарына қала орталығында 9 қыркүйекте зейнетақы реформасына қарсы шеру өткізуге рұқсат бермеді. Бұл жайында Мәскеудегі аймақтық қауіпсіздік департаментінің басшысы Владимир Черников «Интерфакс» агенттігіне хабарлады.

Бұған дейін департамент баспасөз қызметі агенттікке Навальныйдың жақтастары Мәскеудегі Тверь көшесінде 9 қыркүйек күні зейнетақы заңнамасын өзгертуге қарсы 30 мың адам қатысатын митинг өткізуге өтініш бергенін мәлімдеген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының басшысы алексей Навальный 25 тамызда Мәскеуде биыл қаңтарда өткізген қарсылық акциясына байланысты ұсталып, содан бері қамауда отыр. Бүгін Навальныйге қатысты сот болады.

Оппозиционердің жақтастары полиция оны 9 қыркүйекте зейнетақы реформасына қарсы акция өткізу жоспарына байланысты ұстады деп біледі.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.