Мәскеудің Тверь соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Ол биыл екінші рет осындай жазаға ұшырап тұр. Бірінші рет мамырда «Он нам не царь» акциясын ұйымдастырғаны үшін 30 күн қамауда отырған. Бұл жолы сот оны «қоғамдық орында жиын өткізу тәртібін қайтара бұзды, 28 қаңтарда сайлаушылар ереуілін өткізді» деп айыптады.

Алексей Навальныйды полиция 25 тамызда үйінің қасынан 22 ақпанда толтырылған хаттамаға сәйкес ұстап әкеткен. 28 қаңтарда саясаткер өзін Орталық сайлау комиссиясы Ресейдегі президент сайлауына кандидат етіп тіркемегені үшін жаппай шеру ұйымдастырған. Жуырда ол жақтастарын 9 қыркүйекте үкіметтің зейнет жасын ұлғайту жоспарына қарсы наразылық акциясын өткізуге үндеген.

Дүйсенбіде билік органдары Навальныйдың «Россия Будущего» партиясын кезекті мәрте тіркемей тастады. Саясаткер партиясын алтыншы жыл бойы тіркете алмай жүр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.