Германия мен АҚШ басшылары Сирияның Идлиб провинциясындағы гуманитарлық дағдарысқа және үкімет әскерінің осы провинциядағы исламшылдар мен жиһадшыл топтарға шабуылдауына байланысты алаңдайтынын білдірді. Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберттің хабарлауынша, канцлер Ангела Меркель мен АҚШ президенті Дональд Трамп 27 тамызда телефонмен сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылады.

Меркель мен Трамп Ресейді «Сирия режимін тежеуге және қақтығыстың одан ары шиеленісуіне ықпал етуге шақырды». Олар сонымен қатар Украина шығысындағы жағдайды да талқылады.

Бұған дейін АҚШ Ресейге Сирия президенті Башар Асад күштеріне соққы жасауы мүмкін екенін және егер Асад Идлибті бақылауына алу үшін химиялық қару қоолданатын болса, «жойқын әскери операция» жүргізетінін ескерткен.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.