Александра мен Екатерина Немичтер — Азиада жүлдегері

28


Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары Александра мен Екатерина Немичтер синхронды жүзудің дуэт бағдарламасында қола медальға ие болды. Алтынды Қытай, күмісті Жапония дуэті алды. 

— Ертең (29 тамыз) қыздармен бірге командалық жарысқа қатысып, сол жарыста да жүлде алсақ деп жоспарлаймыз, — деді спортшылар.

Александра мен Екатерина Немич — егіздер, Олар — 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. 2017 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 12-орын, 2016 жылы Рио олимпиадасында 15-орын алған. Олимпиада алдында Екатерина Немичтің жүрегіне операция жасалған еді. 

Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 29 қоламен жалпы есепте 10-орында келеді. Азия ойындары 2 қыркүйекте аяқталады. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.