Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ бастаған қаланың ұлықтарын жергілікті білім бөлімінің басшысы Наталья ФЕСЕНКО тамыз конференциясында өзгешелеу «формада» қарсы алды. Қала басшысы табалдырықтан аттаған бетте мектеп формаларының үлгілерін тамашалауға тап келді. Яғни, бүгін қаладағы және қалаға қарасты ауылдардағы мектеп оқушылар мен мұғалімдері бірінен кейін бірі әкім ерткен ресми топтың алдына музыка сүйемелдеуімен тұра қап, мектеп фораларының сан түрін көрсетіп әуреге түсті.

Рухани жаңғыру совет үкіметін насихаттай ма?

Расы керек, жасандықлық менмұндалап тұрған бірнеше «сериялы» бұл көріністен айтарлық жаңалық байқалған жоқ. Бұдан кейін қала әкімі Ермак Сәлімов мәслихат хатшысы Б. Ақжаловпен бірге білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңадан ашылған музейге ат басын бұрды.

Рухани жаңғыру совет үкіметін насихаттай ма?

Босағадан енгеннен кеңестік дәуірдің көріністері көз алдыңа келетін музейде ұлттық педагогикалық ұғымнан хабар беретін еш дерек байқалмады. Есесіне білім бөлімінің басшысы Н. Фесенко Сәлімовті кешегі кеңестік дәуірде қаланған Семей педагогикасы туралы эпизодтармен таныстырды. Соның бірін «Рухани жаңғыру» айдарының аясында  керней тартып тұрған пионерді меңзеп: «біз де пионер, комсомол болғанбыз» дегенді есіне түсірді. Ермак Бидахметұлы да осыны күткендей «қуана бас изеп», құптады. Шындығында жанында тұрған мемлекеттік ту, елтаңба мен пионерлік горнның қатар орналасқанына, яни, бұл, тәуелсіз ел көзқарасымен қарағанда. идеологиялық кемшілік болып табылатынына ешкім мән берген жоқ.  Тіпті, қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Н. Шарова, білім бөлімі басшысы Н. Фесенко, музей директоры Г.Великанованың империялық көзқарастан арылмайтындығының бір дәлелі осы музей болды деуге әбден болады.

Рухани жаңғыру совет үкіметін насихаттай ма?

Бұл музейде ұлт ағартушылары Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл танытқышы», Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытұлының «Этнопедагогика» кітаптары атымен жоқ. Орыстар айтпақшы, «за то», «История СССР» бар!

Рухани жаңғыру совет үкіметін насихаттай ма?

Көкейде кептеліп қалған сұрақтарға орай түсінік сұрағанымызда қалалық білім бөлімі музейінің директоры Галина Александровнаның сөз ауанынан шаруаның науқаншылдықпен ұйымдастырылғанын аңдадық.

-Музей жұмыстарын ұйымдастыру туралы бұйрықты 20 шілдеде ғана алдық. Асығыстықпен дайындалғанымыз рас. Бұл идея кешегі кеңестік дәуірде сабақ берген ұстаздар ұсынысынан туған. Жіберілген кемшіліктер мен қателіктер келешекте түзетілетін болады,-дейді Г. Великанова.

Рухани жаңғыру совет үкіметін насихаттай ма?

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.