Теміртау қаласының «Домик» жеке меншік  балабақшада болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметкері Бақытжан ҚҰДИЯРОВ  ресми мәлімдеме жасады.

"Немеремді тұншықтырған адам жеңіл жаза алуы мүмкін"

«Полиция қызметкерлері баланы тұншықтырған елу жастағы азаматша анықтады. Одан жауап алу барысында, шынымен де баланы ұйықтата алмаған. Бала жылап, төсектен төсекке секіріп, тәрбиешіге бой бермегендіктен, көрпемен бүркем тұншықтырғанын мойындап  түсініктемесін берді. Бүгінгі таңда аталған факті бойынша, ҚР қылмыстық кодексі 140 бабының екінші тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деді ІІД-нің өкілі.  

Алайда, аталған баппен кішкентай Нананың анасы Анна БАРКАЛАЯ  келіспейді. Оның айтуынша, тәрбиеші ең қатаң жазамен жазалануы тиіс.

"Немеремді тұншықтырған адам жеңіл жаза алуы мүмкін"

«Қазіргі тағайындалып отырған бапқа байланысты тәрбиеші 300 айлық көрсеткішпен айыппұл төлейді немесе, 70 тәулік қоғамдық жұмысқа тартылады. Мен келіспеймін, баламның денсаулығына зиян келтіргені үшін, қажетті жазасын алсын. Тіптен азаматтық сотқа да шағымданатын боламын. «Домик» балабақшасының түбегейлі жабылуын талап етемін. Онымен қоса, осы оқиғаға қатысы бар барлық адамдар жазалансын», -дейді Анна Баркалая.

Немересінің тәрбиешіден опық шеккені жайлы кеше ғана білген әжесі Людмила МАНТЛЕР көз жасын тияр емес.

"Немеремді тұншықтырған адам жеңіл жаза алуы мүмкін"

 

«Бір жарым жастағы немерем, балабақшаға барғысы келмегенін байқатса да, тіпті оның мінез құлқының өзгергенін байқасам да осы күнге дейін білмегенім үшін, өкініш өзегімді өртеп барады. Бала осындай қысымның көргенін жеткізе алмаған. Мынау деген масқара ғой », — деген Людмила балабақшаны жабу үшін барлық шараны жасайтынын айтты.

Елу жастағы Үміт ПИРИМХАНОВА осыдан бір жыл бұрын тәрбиеші болып орналасқан. Жоғарғы білімі бар, бала-шағасы, тіпті немере көріп отырған азаматшаның жан түршігерлік қылық жасауға баратынын жекеменшік балабақша меңгерушісінің ойына да келмеген.

"Немеремді тұншықтырған адам жеңіл жаза алуы мүмкін"
«Домик» балабақшасы

«Мен тәрбиешіні алғанда керекті құжаттарды ғана тексеріп алдым. Барлығы түгел болды. Оқиға жайлы кеше ғана интернет желісінен көрдім. Мен де ана ретінде, күйініп отырмын. Қазір ол кісі жұмыстан босатылды. Негізі мамыр айында жұмыстан шығарылған болатын, бірақ кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты қайта шақыртылды. Оның барлығы менің тіркеу журналымда жазылған. Енді қандай жаза тағайындалса, соны атқарамыз. Жабылсын десе,  балабақшаны жабуға да дайынмын, камера қой десе, оны да атқарамын» дейді «Домик» балабақшасының меңгерушісі Кристина ТАКИРОВА.

Бұл оқиғада қынжылатын тағы бір жайт, женкіншшектеріміз қысым көріп жатқанымен, білім бөлімі  тарапы ешкандай шара қолдана алмайды екен. Заңға сәйкес, жеке меншік балабақшаның іс әрекетіне араласуына құқықтары жоқ.

"Немеремді тұншықтырған адам жеңіл жаза алуы мүмкін"

«Бала құқығын қорғауымыз керек.  Бірақ қолымыз жіпсіз байлаулы. Құқық органдары біздің араласуын құптаса ғана, комиссия мүшесіне кіріп, тиісті жаза беруге болады. Дегенімен, қазір еш құқығымыз жоқ. Адами тұрғыда бұл оқиға ойға қонымсыз» дейді Теміртау қаласының білім бөлімі басшысы Естай ӘШІМ.

 

 

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.