ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры міндетін уақытша атқарушы Нұржан Жолдыбалиновтің мәлімдеуінше, қазан айында елімізде балаларға арналған тұңғыш отандық 3D кітаптар шығады.

– Қазір біз аудиокітаптармен айналысып жатырмыз. Ұлттық академиялық кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылды. Көптеген шетелдік аудиокітаптарды қарап шықтық, олардың кейбірін тыңдап, ұйықтап кетуге болады. Біз 3D технологияларды енгізу арқылы аудиокітаптар жасағымыз келеді. Яғни ат шабатын тұсты оқығанда бала аттың шабысын естиді, сол сияқты керек жерде желдің дыбысын қосамыз», – дейді Нұржан Жолдыбалинов. Оның айтуынша, бұл кітаптар баланың танымын кеңейтеді. Дыбысты есту арқылы баланың қиялына қанат бітіруге болады. Қазір дыбыс жазу жұмыстары атқарылып жатыр. Әзірге бес ертегі жазылды. Бұл  алғашқы жоба. Кейінірек «Бабалар сөзі» сынды анағұрлым ауқымды кітаптарды қолға алу көзделуде.

Бір айта кетерлігі, Нұржан Жолдыбалинов – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.