«100 жаңа есім» жобасына қатысушы, жас өнертапқыш Мәулен Бектұрғанов Қазақстанда жасалған бионикалық протездердің сапалы және арзан дейді.

«Алматыда бионикалық протездерді жасаумен айналысамын.  Осымен төртінші протезді жасадық. Шетелдік протездермен салыстырғанда біздегі баға он есе арзан. Әрбір клиентке жеке протез жасалады, бағасы 500 мың теңгеден жоғары. Тренажерлар, күш түсетін протездерді, шынтақ, аяқ, протездерін жасаймыз, арбаға жегілгендердің жүруіне көмектесетін корсеттерді жасау жағын қарастырып жатырмыз», – дейді жас өнертапқыш.

Айта кетерлігі, Мәулен  жуырда Ақмола облысындағы Зеренді көлінің жағасында ашылған жастар білім беру лагеріне қатысқан болатын.

«Мұндай кездесулер, өзгелердің қалай бизнес ашқанын, неден бастап, нендей қиындықтарға душар болғанын айту жастардың ойлау қабілетін жақсарту үшін өте қажет. Соңғы екі-үш жылда жастар арасында стартаптармен, қосымшалармен, робот техникасымен айналысу трендке айналған. Осы индустрия қазір дамып келеді. Жастардың ынтасы қуантады. 10 жылдан кейін олар тасжарғандай жарып шығады», – деген еді  жас өнертапқыш.

Ақмола облысындағы Зеренді демалыс аймағында жастардың республикалық білім беру лагері ашылып,  оған  жастар ұйымдарының басшылары, кәсіпкерлер, «Қазақстанның 10 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары,  жалпы саны 300-ден астам қатысушы келген.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.