Бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 кг) Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шыға алмады. Ол ширек финалда тайпейлік Ли Юйтиннен жеңілді. Қызайбай 2014, 2016 жылы 48 келіде әлем чемпионы атанған. 

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада жүлдесіз қалды. Бұған дейін Римма Волосенко мен Сания Сұлтанқызы ширек финалда жеңілген. Әйелдер боксынан Азия ойындарында тек үш салмақ бойынша медальдар сарапқа салынып жатыр.  

Азия ойындарының алдында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк «медальсыз қайтпаймыз» деген. 

Қазір Қазақстан 7 алтын, 9 күміс, 30 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.