«Зайим» мен «Зәйім» түсіндірілді

432

Редакциядан: 2018 жылдың 28 тамызы. «Жас Алаш» сайтында «Алматы обылысында бөтен тіл пайда болды» атты мақала жария болды. Онда Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің «Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған жоспары» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтетіндігі турасында жіберілген анонс-ақпардағы өрескел  қателіктер айтылған болатын.

Айталық, шағын ақпарда қарапайым «Заңым» деген бір сөздің өзі «Ата Зайим», Асыл Зәйім-Ұятым, Конституция -«Ата-Зайынымыздың», «Ата-Зәңім, Берік жұлдыздарының бәйрәгім»  деп берілген.

Осы мәселеге орай, редакцияға облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Жанна АРЫНБЕКОВА хабарласып, қызмет барысында кеткен ағаттыққа орай кешірім сұрайтынын, әрі жас мамандар тарапынан кеткен бұл кемшіліктің орын алу себебін түсіндіріп берді.

 «2018 жылғы 27 тамыз, сағат 15.30-да облыстық журналистер пулына Алматы обылысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған жоспары» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтетіндігі туралы баспасөз-релизі жіберілген болатын.

Өкінішке қарай, тексерілген хабарландырудың орнына қате орын алған құжат таратылымға жіберілді. Алайда дәл осы таратылым тізіміндегі журналистерге «Алдыңғы жіберген баспасөз-релизінде қате кетті, кешірім өтінеміз» деген мәтінмен қатесі жоқ хабарландыру қайта таратылды. Тізімде болған журналистердің көбіне телефон арқылы да түсініктеме беріліп, кешірім сұралған.

Өкінішке қарай, «Жас Алаш» республикалық газетінің меншікті тілшісі осы таратылым тізімінде болмауына орай екі мәрте хабарландыруды да алмаған. Қазіргі таңда аталған басылым тілшісі Қозыбай ҚҰРМАН тізімге енгізілді», — деді  облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілі.

                                                                 

 

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.