Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында зымыранға қарсы жаңа жүйесін сынаған. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

Әскерилердің хабарлауынша, зымыранға қарсы жаңа жүйе “өзіне тән қасиеттерін дәлелдеп, тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсірген».

Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағыттап жиі зымыран атады. Ресей соңғы рет зымыраннан қорғаныс жүйесін биыл сәуірде сынаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.