Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден алтын жүлдеге ие болды. Ол 15.00 метрге секірді. Күмісті 

Ольга Рыпакова 2010, 2014 жылғы Азия ойындарында да үш қарғып секіруден чемпион атанған. 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының алтын, 2016 жылғы Рио олимпиадасының қола жүлдегері. 

Қазір Қазақстан 11 алтын, 11 күміс, 38 қоламен жалпы есепте 10-орында тұр. 

Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.