Ақтөбе облысындағы мектептерде 200 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы хабарлады.

Білім басқармасының дерегінше, әсіресе, Әйтеке би ауданында кадр тапшылығы байқалады. Қарғалы, Қобда, Ырғыз бен Ойыл аудандарындағы мектептерде де гуманитарлық пәндер мен математика пәнінің мұғалімдері жетіспейді.

— Облыста математика, физика, химия мен биологияны оқытатын мамандар тапшы. Бүгінгі күні облыс мектептеріне 50 шақты орыс тілінің мұғалімі, 30 шақты математик, 20-дан астам биолог керек. Ал облыс орталығы Ақтөбедегі мектептердің бастауыш сыныптарына 45 мұғалім қажет, — делінген Ақтөбе облыстық білім басқармасының ақпарат құралдарына жіберген хабарламасында.

Ақтөбе облысындағы жалпы білім беретін мектептерде қазір 17 473 педагог жұмыс істейді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.